Спорт Министрі | Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Орталық Азия Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Орталық Азия Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Вьетнамның Ханой қаласында өтіп жатқан Орталық Азия Ұлттар кубогының топтық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды SportM.kz.

Ұлттық құрама Филиппин құрамасымен ойнады. Қарсылас мықты болды — матч қазақстандықтар үшін 0:3 есебімен аяқталды (21:25, 15:25, 19:25).

Осыған қарамастан, Қазақстан B тобында екінші орын алып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Ал филиппиндік команда топ жеңімпазы атанып, келесі кезеңге бірінші орынмен өтті.

Жартылай финалдағы қарсылас алдағы ойын күнінде анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button