ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Португалия құрамасы Ұлттар лигасында екінші мәрте чемпион атанды

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының финалында Португалия құрамасы Испанияны пенальти сериясында жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды SportM.kz.

Парижде өткен шешуші матч өте тартысты өтті. 21-минутта испаниялық Мартин Субименди есеп ашса, 5 минуттан кейін Нуну Мендеш таразы басын теңестірді – 1:1. Тайм соңында Микель Оярсабаль Испанияны тағы алға шығарды. Алайда 61-минутта Криштиану Роналду есепті қайта теңестірді – 2:2.

Негізгі және қосымша уақытта жеңімпаз анықталмай, ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда Португалия дәлдік танытып, Ұлттар лигасында екінші рет чемпион атанды.

Айта кетейік, Португалия құрамасы бұл турнирде алғаш рет 2019 жылы жеңімпаз болған еді. Ал Испания қатарынан екінші финалда есе жіберіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button