ФУТБОЛ
Қазақстан U-17 құрамасы жолдастық матчта Грузияға есе жіберді

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Грузия құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды SportM.kz.
Габала қаласында өткен матчта қазақстандықтар 1:2 есебімен қарсыласқа жол берді. Кездесудің тағдырын соңғы минутта соғылған гол шешті. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голдың авторы — Расул Әкімов.
Еске салайық, бұл ойын Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжан мен Грузияға қарсы жоспарланған екі жолдастық матчтың екіншісі болатын. Бұған дейін отандастарымыз Әзербайжаннан 0:2 есебімен жеңілген еді.