Спорт Министрі | Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында еркін жаттығу бойынша күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды SportM.kz.

Финалдық жаттығуда Каримиге төрешілер 14.400 ұпай берді. Бұл нәтиже оған екінші орынға шығуға жеткілікті болды.

Алтын медаль 14.600 ұпай жинаған филиппиндік Карлос Юлоға бұйырса, қола жүлдені 14.033 ұпаймен Оңтүстік Корея өкілі Мун Гын Ён иеленді.

Айта кетейік, Милад Карими — 1999 жылғы спортшы. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығуда қола медаль иеленген болатын. Азия чемпионатында бұған дейін де бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген тәжірибелі гимнаст.

Сондай-ақ осы сында ел намысын қорғаған Дмитрий Патанин 13.833 ұпаймен жүлдеден сәл ғана қалыс қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button