Спорт Министрі | Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

«Астана Аренада» өткен матчта 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті.

Жеңіс голын 11-минутта «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Олжас Байбек соқты. Матчтың соңына дейін таблодағы есеп өзгермей, ойын 1:0 есебімен аяқталды.

Бұл матчта Дастан Сатпаев жастар құрамасындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол алаңға негізгі құрамда шығып, 85 минут ойнады

Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 8 қыркүйекте Англияға қарсы өткізеді. Сонымен қатар, біздің топта Словакия, Ирландия және Молдова құрамалары бар. Топ жеңімпазы ЕУРО-2027 турниріне тікелей жолдама алады.

Қазақстан U-21 – Андорра U-21 – 3:2 (1:0)

Голдар: Байбек 11

Ескертулер: Бутарафас 29, Феррейра 44, Бьенерт 56

Қызыл қағаз: Маррей 64

Қазақстан U-21: Талыспаев (қ), Мрынский, Асқаров (к), Саидов, Нұрымбет, Байбек, Есімбеков, Сатпаев, Валгушев, Тұрғанов, Труфанов;

Қосалқы құрам: Рихард (қ), Мигунов, Литош, Өмірзақов, Тоқтыбай, Төлеуов, Раскатов, Бердібек, Попов;

Аға бапкер: Денис Мамонов.

Андорра U-21: Де Кастро (қ), Де Са, Корнелья, Бьенерт, Гума, Феррейра, Сола (к), Ремолинс, Бутарафас, Акоста, Родригес;

Қосалқы құрам: Корнелья Молинс (қ), Де Лима, Домингес, Фернандес, Каррау, Дчар, Силва, Торне, Сантаэлья;

Аға бапкер: Элой Касальс.

Төрешілер: Гиорги Авазашвили, Зааза Пипиа, Гиорги Эликашвили, Коба Ревазашвили (бәрі – Грузия)

05.06.2025. «Астана Арена», Астана

Басқа жаңалықтар

Back to top button