ФУТБОЛ
Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургтен ұтылды

Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасының шешуші матчында Люксембургпен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Матчтың басында-ақ Қазақстан құрамасы бір ойыншысынан айырылды. 5-минутта Қазына Нұрбаева қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дегенмен команда берілмей, 15-минутта Камила Жұмабайқызы айып добын шебер орындап, есеп ашты.
Бірақ екінші таймда Люксембург футболшылары басымдықты өз қолына алып, үш голмен жауап қайтарды.
Нәтижесінде Люксембург 16 ұпаймен топта бірінші орын алып, В лигаға жолдама жеңіп алды. Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.
С дивизионы, 3-топ қорытындысы:
- Люксембург – 16 ұпай
- Қазақстан – 10 ұпай
- Армения – 6 ұпай
- Лихтенштейн – 0 ұпай
Қазақстан қыздары жақсы ойын көрсетті, алайда сәл жетпей қалды.