
Францияның атақты клубы «Пари Сен-Жермен» UEFA Чемпиондар лигасында тарихи жеңіске қол жеткізді. Париждік ұжым өз тарихында тұңғыш рет Еуропаның басты клубтық турнирін жеңіп алды, деп хабарлайды SportM.kz.
Финал матчы басталғаннан-ақ ПСЖ толық басымдық танытты.
- ⚽ 12′ — Ашраф Хакими есеп ашты
- ⚽ 20′ & 63′ — Дезире Дуэ дубльмен ерекшеленді
- ⚽ 73′ — Хвича Кварцхелия мергендік танытты
- ⚽ 86′ — Сенни Маколу нүкте қойды
Қорытынды есеп – 5:0.
Көпшілік бұл ойынды тартысты болады деп күткенімен, Париж командасы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, «Пари Сен-Жермен» клубы көп жылғы үмітті ақтап, Чемпиондар лигасындағы алғашқы кубогын иеленді.