Спорт Министрі | Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар анықталды
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

13–20 маусым аралығында Мажарстан астанасы Будапештте өтетін дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы толық құрамда бақ сынайды.

Аталған жарысқа 92 елден 566 спортшы қатысады. Қазақстаннан ерлер мен әйелдер құрамалары жекелей және командалық сында ел намысын қорғайды.

Ерлер құрамасы:

  • 60 кг: Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов
  • 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев
  • 73 кг: Есет Қуанов
  • 81 кг: Абылайхан Жұбаназар
  • 90 кг: Мейірлан Максим
  • 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров
  • +100 кг: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер құрамасы:

  • 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
  • 63 кг: Эсмигүл Куюлова

Чемпионат аясында аралас командалық жарыс та өтеді. Қазақстан құрамасы бұл додада да жүлдеден үмітті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button