Спорт Министрі | Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейнді жеңді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейнді жеңді

UEFA Ұлттар лигасы аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейн командасымен кездесіп, 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды SportM.kz.

Матч барысында Карина Берікова дубльмен көзге түссе, тағы бір-бір голды Әселхан Тұрлыбекова мен Мадина Жаңатаева өз есімдеріне жазды.

Бұл — С дивизионының үшінші тобындағы төртінші тур кездесуі. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Арменияға 0:2 есебімен жол беріп, Люксембургпен 2:2 тең түскен еді. Үшінші турда дәл осы Лихтенштейнді 4:0 есебімен ұтқан болатын.

Қазір қазақстандық футболшылар топ көшбасшылығына таласып жатыр. Келесі маңызды ойын 3 маусым күні Люксембургпен өтеді. Бұл матч турнирдегі бірінші орынды шешуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button