Спорт Министрі | ҚПЛ: Дастан Сәтпаев маусымдағы сегізінші голын соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ: Дастан Сәтпаев маусымдағы сегізінші голын соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады

Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» 2:1 есебімен тізе бүктіріп, маңызды үш ұпай еншіледі, деп хабарлайды SportM.kz.

Ойын басынан алматылықтар шабуылды жиілетіп, алаңда басымдық танытты. Алайда есепті бірінші болып «Ақтөбе» ашты – 50-минутта Аян Байдәулетов көзге түсті.

70-минутта Дастан Сәтпаев таразы басын теңестірген еді, бірақ төреші шабуылдың алдында Громыконың қарсыласын қолымен ұрғанын байқап, голды есепке алмады және Громыконы алаңнан қуды.

Бір ойыншыға кем болса да, «Қайрат» шабуылын тоқтатпады.

  • ⚽ 75′ — Александр Мартынович есепті теңестірді – 1:1
  • ⚽ 87′ — Дастан Сәтпаев шешуші голдың авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады – 2:1
    Бұл – Сәтпаевтың маусымдағы сегізінші голы.

Басқа ойын нәтижелері:

  • «Елімай» – «Астана» — 0:2
  • «Тобыл» – «Атырау» — 5:0
  • «Жеңіс» – «Ордабасы» — 2:2

Басқа жаңалықтар

Back to top button