ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлеттері үш медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы үш жүлде салды, деп хабарлайды SportM.kz.
3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында Нора Джеруто 9:10.46 нәтижесімен алтын медаль иеленді. Оның отандасы Дейзи Джепкемей 9:12.46 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді.
Биіктікке секіру бәсекесінде Елизавета Матвеева 1.86 метр көрсеткішімен күміс жүлде жеңіп алды. Айта кетейік, ол 2023 жылғы Азия чемпионатында да дәл осы биіктікті бағындырып, екінші орынға тұрақтаған болатын.
Надежда Дубовицкая да 1.86 метрге секіргенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша жүлдеден тыс қалды. Қола өзбекстандық Сафина Садуллаеваға бұйырды.