ФУТБОЛ
Шымкентте «Ордабасы» ФК мүшелері ерекше балаларға футболдан шеберлік сабағын өткізді

Секция қатысушыларына «Ордабасы» ФК-ның шабуылшысы Лука Имнадзе, қорғаушылары Сагадат Тұрсынбай мен Виктор Мудрак және қақпашы Айдос Кемаладин доппен жұмыс істеудің түрлі техникасын көрсетті.
Шара балаларды өзара қарым-қатынас жасау, салауатты өмір салтын сақтау, физикалық дағдыларын жетілдіру, әлеуметтік және спорттық іс-шараларға тарту мақсатында өтті.
«UNI Football League» – аутизм, Даун синдромы және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті республикалық футбол секциясы. Жобаға әр қалада инклюзивті білім беру курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс тәжірибесі бар UEFA B, C, D санатындағы жаттықтырушылар тартылған.