Спорт Министрі | Футболдан Бірінші лигада «Алтай» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті
ФУТБОЛ

Футболдан Бірінші лигада «Алтай» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 8-туры аясында «Алтай» командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды SportM.kz.

Өскемендік клуб өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 2:1 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Бұл нәтиже команданың турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазір «Алтай» 17 ұпаймен төртінші орында тұр және көш бастап тұрған «Каспий», «Ертіс» және «Шахтер» клубтарымен ұпай жағынан теңесті.

Тур аясында өткен өзге матчтарда:

  • «Жетісай» — «Ақтөбе-2» — 3:0
  • «Тараз» — «Ертіс» — 0:1
  • «Каспий» — «Хан Тәңірі» — 1:0
  • AKAS — «Қайрат-2» — 3:0
  • «Академия Оңтүстік» — «Екібастұз» — 0:1
  • «Түркістан» — «SD Family» — 0:1

Келесі турдың ойындары 12 және 13 маусым күндеріне жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button