
Қазақстан құрамасы таеквондодан (WT) АҚШ-та өтетін Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады.
Қазіргі уақытта ұлттық құрама Иран командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жаттығу жиындары Тегеранда (Иран) өтуде.
Жиынға құраманың көшбасшы спортшыларын қоса алғанда, 20 таеквондошы қатысуда.
Оқу-жаттығу жиыны 5 маусымға дейін жалғасады.