ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды

Жарыстың жеңімпазы – Үндістан (3:18.12). Екінші орын – Қытайға (3:20.52), ал үшінші орын – Шри-Ланкаға (3:21.95) бұйырды.
Айта кетейік, 28 мамырда финалға Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру) мен Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру) жолдама алды. Жүлделі жарыстар 29 мамыр күні өтеді.
Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана медаль бар. 20 шақырым қашықтықтағы спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева үшінші орынды иеленді.