Спорт Министрі | Жеңіл атлетика: Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға Азия чемпионатындағы алғашқы медальді алып келді
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Жеңіл атлетика: Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға Азия чемпионатындағы алғашқы медальді алып келді

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді. 20 шақырымға спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді, деп хабарлайды SportM.kz.

Спортшы осы жарыста өзінің жеке рекордын (1:32:15) жаңартты. Бұл нәтиже оған үздік үштікке енуге мүмкіндік берді.

Жарыста ерлер арасында 20 шақырымға спорттық жүріспен шыққан Георгий Шейко жетінші орынға тұрақтады.

Азия чемпионаты 27–31 мамыр аралығында өтуде. Қазақстан намысын 32 атлет қорғайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button