Шағын футбол: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын топтық кезеңде аяқтады

Қазақстанның әуесқойлардан құралған шағын футбол құрамасы Бакуде өткен әлем чемпионатында жарысты топтық кезеңнен аса алмады, деп хабарлайды SportM.kz.
F тобында өнер көрсеткен ұлттық құрама соңғы турда АҚШ құрамасын 5:3 есебімен жеңді. Қазақстан сапынан гол авторлары:
-
Әлихан Сайранов (8-минут)
-
Ахата Жолшорин (10-минут)
-
Айболат Адахманов (16-минут)
-
Илья Буртовой (49-минут)
-
Дмитрий Двирный (50-минут)
Қарсылас команда үш голмен жауап қатты.
Алайда бұл жеңіс плей-офф кезеңіне шығуға жеткіліксіз болды. Қазақстан құрамасы топтық кезеңді үшінші орында аяқтап, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Польшаға 1:2 есебімен есе жіберіп, Босния және Герцоговинамен 1:1 тең түскен болатын. Топтан Польша мен Босния ширек финалға жолдама алды.