Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтіп, ұйымның Атқарушы комитетінің жаңа құрамы сайланды, деп хабарлайды SportM.kz.
Конференцияны ҚФФ президенті Марат Омаров жүргізді. Жиынға өңірлік федерациялар делегаттарынан бөлек, УЕФА өкілі Йозеф Климент, ФИФА аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.
Күн тәртібінде Федерация жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ұйымдастырушылық құрылымды жетілдіру және Атқарушы комитет мүшелерін қайта сайлау мәселелері қаралды.
Жаңа Атқарушы комитет құрамына сайланғандар:
-
Гаджи Шапиевич Гаджиев
-
Әсет Арманұлы Ерғалиев
-
Нұрсұлтан Амангелдіұлы Құрман
-
Михаил Нугзарович Ломтадзе
-
Вахид Юнусович Масудов
-
Нуну Алешандре Паррейра де Каштру
Жаңа құрам ұлттық футболды дамыту жолындағы басқару тиімділігін арттыруды мақсат етеді.