
Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде өткен дзюдодан республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс самбодан әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналды, деп хабарлайды SportM.kz.
Турнирдің ең сәтті қатысушылары қатарынан шыққан Ақтөбе облысының балуаны Гүлнұр Баханова 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып қана қоймай, 14 салмақ дәрежесінің жеңімпаздары арасында өткен жеребе нәтижесінде бас жүлде – автокөлікке ие болды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жеңімпазға автокөлік кілтін табыстады.
Турнирдің өзге салмақ дәрежелеріндегі чемпиондары:
Әйелдер
-70 кг
1.Гүлнұр Баханова (Ақтөбе),
2.Сәуле Қожасова (Қызылорда),
3.Ева Огнинова (Ресей),
3.Күлзира Мәмбетова (Қостанай).
-78 кг
1.Шынар Абатова (Қызылорда),
2.Махаббат Жеңіс (Ақтөбе),
3.Аружан Жандарбай (Атырау).
+78 кг
1.Әсел Қазиева (БҚО),
2.Ақнұр Әшіммырза (Шымкент),
3.Әлия Ходжаназарова (Маңғыстау),
3.Алина Өмірбек (Шымкент).
Ерлер
-81 кг
1.Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО),
2.Нұрдәулет Бақтыбайұлы (Шымкент),
3.Нұрбек Мұрат (Ақтөбе),
3.Мейіржан Жұмабек (Астана).
-90 кг
1.Айбол Нысанәлі (Шымкент),
2.Нұржан Бисенов (Ақтөбе),
3.Даниил Крылов (БҚО),
3.Ақжол Дүйсенбаев (Қарағанды).
-100 кг
1.Жалғас Серіков (Алматы облысы),
2.Қазыбек Рақишев (Алматы қ.),
3.Нұрымжан Ғаббасов (БҚО),
3.Шыңғысхан Медетов (Шымкент).
+100 кг
1.Мейіржан Әбдімәліков (Шымкент),
2.Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау),
3.Дәурен Мейрамбеков (Қызылорда),
3.Дінмұхаммед Нысанбай (Қызылорда).
Жарыс екі күнге созылды. Еліміздің әр өңірінен келген балуандармен қатар Ресей спортшылары да татамиде бақ сынады.