Спорт Министрі |
МӘСЕЛЕТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Оқжетпес» стадионы жабылады

Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионын жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды sportm.kz

Жүгіру жолақтарын жаңарту және басқа да инфрақұрылымдық өзгерістерге байланысты футбол алаңы да уақытша қолжетімсіз болады. Бұл жағдай клубты өз алаңындағы артықшылықтан айырып, алдағы екі айда матчтарды басқа қалада өткізуге мәжбүрлейді. «Оқжетпес» футбол клубы жазғы маусымдағы үй матчтарын Шымкентте немесе Петропавлда өткізуі мүмкін. Қазір бұл екі қала балама алаң ретінде қарастырылып жатыр. Егер бұл шешім ресми түрде бекітілсе, команда өз жанкүйерлерінен уақытша алыстап, бұл ойын қарқыны мен турнирлік көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін.

Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы 10 турында «Оқжетпес» 17 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасқан. Клубтың келесі ойыны 31 мамырда «Қызылжарға» қарсы өтеді. Матч қосалқы алаңда ойналуы ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button