ФУТБОЛ
Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

Қазақстандық жаттықтырушы Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді, деп хабарлайды SportM.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
43 жастағы маман Павлодар облысында дүниеге келген. Ойыншы ретінде ол «Жетісу» (Талдықорған), «Восток» (Өскемен), «Тараз» және «Есіл-Богатырь» (Петропавл) клубтарының жейдесінде өнер көрсеткен.
Бапкерлік мансабында алматылық «Қайрат» клубының жүйесінде, сондай-ақ «Жетісу», «Мақтаарал» және «Ақсу» командаларында жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды.
2024 жылғы маусымның басында Мамонов «Атырауға» көмекші бапкер ретінде қайта оралған еді. Енді Константин Горовенконың орнына бас бапкер ретінде тағайындалып отыр.