ХОККЕЙ
Астанада Олимпиада күніне орай балалар хоккейінен турнир өтті

Астанада Халықаралық Олимпиада күніне орай 2017–2018 жылы туған балалар арасында шайбалы хоккейден турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды SportM.kz.
Жарыс Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Қазақстан хоккей федерациясы, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен №10 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қолдауымен өтті.
Турнирге төрт жасөспірімдер командасы қатысты. Кішкентай хоккейшілер мұз айдынында жоғары белсенділік пен жеңіске деген жігер танытып, командалық рухтың нағыз үлгісін көрсетті.
Ойын күні әділ бәсеке мен спорттық достық атмосферасында өтті. Барлық қатысушылар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.