Спорт Министрі | ҚПЛ: «Жетісу» тур сенсациясын жасап, көш басындағы «Ақтөбені» ұтты
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ: «Жетісу» тур сенсациясын жасап, көш басындағы «Ақтөбені» ұтты

Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аяқталды. Соңғы ойын күнінде Талдықорғанда «Жетісу» өз алаңында көш басында тұрған «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңіп, маусымдағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізді, деп хабарлайды SportM.kz.

Бұл нәтиже турдың басты сенсацияларының бірі болды.

Күннің тағы бір ойынында «Атырау» өз алаңында «Қайсарға» 1:2 есебімен жол берсе, Петропавлда «Қызылжар» мен «Елімай» 1:1 есебімен тең түсті.

Сырт алаңда өнер көрсеткен «Тобыл» Түркістанның «Тұранын» 2:0 есебімен жеңіп жатыр.

Еске салайық, 24 мамырда өткен ойындарда «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпеске» 1:2 есебімен есе жіберсе, «Ордабасы» Жезқазғанның «Ұлытауынан» 0:1 есебімен ұтылды. Ал елордада «Астана» «Жеңісті» 4:2 есебімен тізе бүктірген еді.

10-турдан кейінгі үздік үштік:

  1. «Ақтөбе» — 25 ұпай

  2. «Астана» — 24 ұпай

  3. «Қайрат» — 23 ұпай

Басқа жаңалықтар

Back to top button