Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өтіп жатыр

Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында самбодан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған республикалық жарыс өтуде, деп хабарлайды SportM.kz.
Додада еліміздің 15 өңірі мен Ресейден келген 300-ге жуық спортшы бақ сынауда. Турнир барысында 14 салмақ дәрежесі бойынша (ерлер және әйелдер) үздіктер анықталады.
Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары:
Әйелдер:
-
-48 кг: Аяна Дүйсенбай (Атырау)
-
-52 кг: Толғанай Әбеуова (Ақмола)
-
-57 кг: Айару Тілеубаева (Қостанай)
-
-63 кг: Зарина Сарипова (Абай облысы)
Ерлер:
-
-60 кг: Нұрхан Зейнолла (БҚО)
-
-66 кг: Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)
-
-73 кг: Сенім Сейтқалиев (БҚО)
ҚР Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашевтың айтуынша, жарыс Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің келісімімен спорт шебері нормативін орындайтын ресми турнирлер тізіміне енген. Сонымен қатар, жеңімпаз балуандар арасында автокөлік ойнатылады.
Турнир 26 мамыр күні мәресіне жетеді.