Атыраудағы «Мұнайшы» стадионы тағы да жаңғыртылады

Атырау қаласындағы 1950 жылы салынған тарихи спорт нысаны – «Мұнайшы» орталық стадионы қайта реконструкциядан өтеді, деп хабарлайды SportM.kz.
Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметінше, стадион «Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК балансына берілген.
Басқарма өкілі Гаухар Ильясованың айтуынша, ауқымды жаңғырту жұмыстары 2025-2026 жылдары жүзеге асырылады. Жоба аясында стадион инфрақұрылымы толық жаңартылып, спортшылар мен көрермендерге барынша қолайлы жағдай жасалмақ.
Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолданған. Жоба авторы – «КазахЭнергоПром» ЖШС.
Айта кетейік, «Мұнайшы» стадионы соңғы рет толықтай 2003 жылы жөнделсе, 2023 жылы ағымдағы жөндеу жүргізілген болатын.