Спорт Министрі | Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды
ФУТБОЛ

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

UEFA Ұлттар лигасына дайындалып жатқан Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі белгілі болды, деп хабарлайды SportM.kz.

Ұлттық құрама 23 мамырдан бастап Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында оқу-жаттығу жиынын бастады. Дайындық аясында қазақстандық футболшы қыздар 25 және 28 мамыр күндері жолдастық кездесулер өткізеді. Барлық матчтар Алматыда, сағат 15:00-де басталады. Ойындар «QazSport» телеарнасынан және KFF-тің YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионы, үшінші тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін Армениядан 0:2 есебімен жеңіліп, Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал Лихтенштейнмен өткен екі матчта жеңіске жетті – 4:0 және 3:2.

Команда алдағы шешуші екі кездесуін 30 мамыр мен 2 маусымда өткізеді. Алдымен Лихтенштейнмен, кейін Люксембургпен ойнайды.

Құрама сапындағы 28 ойыншы:

Қақпашылар:

  • Ангелина Портнова («Diyarbakir», Түркия)

  • Назым Исмайлова («Томирис-Тұран»)

  • Әсел Ануарбек («Ұлытау»)

Қорғаушылар:

  • Александра Бурова

  • Бибігүл Нұрышева («БИІК-Шымкент»)

  • Карина Ботабек («Ұлытау»)

  • Қазына Норбаева («Ақтөбе»)

  • Нұрсая Сұлтан («Ұлытау»)

  • Мария Демидова («Минск»)

  • Аделия Бекқожина («Жеңіс»)

  • Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей)

Жартылай қорғаушылар:

  • Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»)

  • Ксенья Хайрулина

  • Жанеля Ержанова

  • Мәдина Жаңатаева («Ақтөбе»)

  • Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей)

  • Әсел Жолболат («Ұлытау»)

  • Карина Берікова («Bornova Hitab Spor», Түркия)

Шабуылшылар:

  • Жансезім Айсапар («Ұлытау»)

  • Әсем Қаражанова

  • Аида Гайстенова («Ақтөбе»)

  • Ару Ермағамбетова

  • Назым Алданазар

  • Томирис Рахатжан («Қайрат»)

  • Полина Тучина («Қайрат»)

  • Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»)

  • Әмина Бибосынова («Turbine Potsdam», Германия)

  • Анастасия Тян («Томирис-Тұран»)

Басқа жаңалықтар

Back to top button