Спорт Министрі | Шағын футбол: Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен тең ойнады
ФУТБОЛ

Шағын футбол: Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен тең ойнады

Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрамасы Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізіп, Босния және Герцоговинамен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды SportM.kz.

F тобына түскен қазақстандықтар бұл турнирде АҚШ, Босния және Герцоговина, Польша құрамаларымен бақ сынауда.

Бұған дейін алғашқы турда Қазақстан Польша құрамасына 1:2 есебімен есе жіберсе, Босния және Герцоговина АҚШ-ты 4:2 есебімен ұтқан болатын.

Топтағы өзге матчта АҚШ пен Польша 0:0 есебімен тең түсті.

Қазір екі тур қорытындысы бойынша Босния және Герцоговина мен Польша 4 ұпайдан жинап көш бастап тұр. Қазақстан мен АҚШ құрамаларының еншісінде 1 ұпайдан бар.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 26 мамыр күні АҚШ-қа қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button