
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлер құрамында бірқатар өзгеріс жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды SportM.kz.
Бұл шешім құрамаларды жаңғырту мен дамыту кезеңіне көшу аясында қабылданды. Федерацияның техникалық директоры қызметіне Геннадий Скуртул, ал ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметіне Руслан Балтиев тағайындалды.
Қазақстан құрамаларының жаңа бапкерлері:
-
Әли Әлиев — ұлттық құраманың бас бапкері
-
Денис Мамонов — жастар құрамасы (U-21) аға бапкері
-
Кирилл Кекер — жасөспірімдер құрамасы (U-19) аға бапкері
-
Бауыржан Сағындық — жасөспірімдер құрамасы (U-17) аға бапкері
-
Мадияр Кембілов — әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері
-
Жанна Мальгаждарова — әйелдер құрамасы (U-19) аға бапкері
-
Юлия Мамонова — әйелдер құрамасы (U-17) аға бапкері
Федерация мәлімдемесіне сәйкес, бұл кадрлық өзгерістер техникалық секторды жаңғырту, аймақтық бағдарламаларды дамыту, бапкерлер дайындау және құрамалар жұмысын үйлестіру бағытында стратегиялық жоспарлауға негізделген.