
Футболдан қазақстандық «Астана» және «Ордабасы» командаларының UEFA Конференция лигасы іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды SportM.kz.
«Астана» жарысты Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды. UEFA ережесіне сәйкес, елордалық клуб еленген командалар қатарына енген. Осыған байланысты олардың қарсыласы бірінші кезеңнен өткен клубтардың бірі болуы мүмкін.
Ал «Ордабасы» командасы бірінші іріктеу кезеңінен бастайды және еленген топқа енген. Шымкенттік клубтың алғашқы қарсыластары ретінде Беларусьтің «Неман Гродно», Грузияның «Торпедо Кутаиси», Черногорияның «Петровац» және Уэльстің «Пенибонт» клубтары қарастырылып отыр.