Спорт Министрі | Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 43 сатыға жоғарылады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 43 сатыға жоғарылады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтинг нәтижелерін жариялады. Жапонияда өткен Куруме ITF W50 турнирінде топ жарған қазақстандық Зарина Дияс жекелей есепте 43 орынға бір-ақ көтерілді. Ол 318-орыннан 275-сатыға ауысты.

Екі жылдық үзілістен кейін тенниске оралған З.Дияс бұған дейін WTA рейтингінде 31-орынға дейін жеткен болатын.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 12-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 29-дан 32-ге сырғыса, Жібек Құламбаева 313-тен 337-орынға түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button