Спорт Министрі | Александр Бублик ATP рейтингінде ТОП-50-ге жақындады
ТЕННИС

Александр Бублик ATP рейтингінде ТОП-50-ге жақындады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте бірқатар өзгерістер орын алды.

Римдегі мастерс турнирінің финалына дейін жеткен италиялық Янник Синнер көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал бұл жарыста чемпион атанған испаниялық Карлос Алькарас германиялық Александр Зверевті ығыстырып, екінші орынға көтерілді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те өз позициясын жақсартты. Туринде өткен челленджер турнирінде топ жарған ол рейтингте бірден 25 саты жоғарылап, 76-орыннан 51-орынға көтерілді. Осылайша, Бублик ATP рейтингінің ТОП-50 қатарына енуге жақын қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button