Спорт Министрі | «Тобыл» – «Ордабасы» матчы кейінге шегерілді
ФУТБОЛ

«Тобыл» – «Ордабасы» матчы кейінге шегерілді

Қазақстан Премьер-лигасы клубтары арасындағы футбол чемпионатының регламентінің 6.25-бабы 5-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 18 мамырда өтуі тиіс болған 9-турдағы «Тобыл» – «Ордабасы» кездесуі форс-мажор жағдайларына байланысты белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Аталған жағдай алдын ала болжанбайтын әрі алдын алу мүмкін болмаған себептерге байланысты туындаған.

Ойынның жаңа күні қосымша хабарланатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button