Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы АҚШ-тан ірі есеппен жеңілді – 1:6
ХОККЕЙ

Қазақстан құрамасы АҚШ-тан ірі есеппен жеңілді – 1:6

Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты аясында Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, ірі есеппен ұтылды — 1:6, деп хабарлайды SportM.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:20-да басталды. Бірінші периодта есеп ашылған жоқ — қос команда бір-бірінің шабуылына лайықты тойтарыс беріп отырды.

Алайда екінші кезеңде америкалықтар шабуылын үдетіп, бес шайба соқты. Назар Ф., Лабос Ди., Тонквист Т., Веронис М. және Кесслинг М. мергендік танытты.

Үшінші кезеңде де АҚШ құрамасы белсенділігін жалғастырды. 55-минутта Кесслинг дубль авторы атанса, 58-минутта Қазақстан сапынан Владимир Волков есепті қысқартты — 1:6.

Бұл – Қазақстан құрамасының қатарынан төртінші жеңілісі. Команда келесі ойынында Финляндиямен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button