
Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Турин (Италия) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды SportM.kz
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 73-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэмен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бублик 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 14 минутқа созылған матчта Бублик 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қытайлық теннисші 6 эйс, 2 брейкпен шектелді.
Осылайша, Александр Бублик өзінің спорттық жолында челленджер деңгейіндегі жетінші, ал топырақ төсенішіндегі алғашқы титулын иеленді. Бұған дейін ол ATP 250 санатында үш рет, ATP 500 деңгейінде бір мәрте жеңіске жеткен болатын.