Спорт Министрі | «Ақтөбе» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Ақтөбе» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясындағы алғашқы ойындар өтті. Турды «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» командалары ашты.

Кездесудің 14-минутында көкшетаулық команда сапынан Тимур Досмағамбетов есеп ашты. Алайда бірінші таймның соңына таман ақтөбелік Оралхан Өміртаев таразы басын теңестірді. Екінші таймда Жайро Жан 56 және 65-минуттарда екі мәрте мергендік танытып, «Ақтөбеге» 3:1 есебімен жеңіс сыйлады.

Бұл – ақтөбеліктердің қатарынан төртінші жеңісі. Жетістіктің арқасында олар турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Тағы бір ойында «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары тең түсті. Руслан Болов 51-минутта пенальтиден есеп ашса, 96-минутта Заза Цицкишвили матч соңында есепті теңестіріп үлгерді – 1:1.

Басқа жаңалықтар

Back to top button