
Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 318-орындағы Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалдық кезеңіне өтті.
Турнирде 6-шы ракетка болып тіркелген Дияс ширек финалда әлемдік рейтингте 499-орындағы жапониялық Момоко Кобориді 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Бұл кездесу небәрі 59 минутқа созылды.
Финалға шығу үшін Зарина Дияс әлемдік рейтингте 336-орында тұрған қытайлық Мэйлин Ванмен кездеседі.