Спорт Министрі | Александр Бублик Туринде ширек финалға шықты
ТЕННИС

Александр Бублик Туринде ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 76-орындағы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына сәтті қадам басты.

Бублик екінші айналымда рейтингте 194-інші орындағы италиялық Федерико Арнабольдимен кездесті.

Кездесудің бірінші сетін жергілікті спортшы 6:0 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі сетте Бублик басымдылық танытып, 6:3, 6:3 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

Жалпы бір сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 9 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Арнабольди 3 эйс және 5 брейк-пойнттың үшеуін іске асырды.

Ширек финалда Александр Бублик әлемдік рейтингте 51-інші орындағы және турнирдің 3-ші ракеткасы болып табылатын аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button