ДЗЮДО
Қазақстандық пара дзюдошы қыздар әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Астана қаласында өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте чемпион атанды.
Қазақстандық спортшылар айналмалы жүйе бойынша өткен жарыста Түркия, Үндістан және Өзбекстан құрамаларын жеңіп, тек Бразилияға есе жіберді. Нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының алтын медалін иеленді. Түркия екінші, ал Бразилия үшінші орынға жайғасты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін, 13-14 мамыр күндері әлем чемпионатында жекелей сындағы белдесулер аяқталған болатын.