АУЫР АТЛЕТИКА
Қазақстан ауыр атлеттері Азия чемпионатынан екі жүлдемен оралды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Цзяншань қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатындағы өнер көрсетуін аяқтады.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Қазақстан спортшылары аталған додада екі медальға ие болды. 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Пётр Хребтов қола жүлдегер атанса, 102 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Артём Антропов күміс медальды қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, Егор Шерер (89 келіге дейін) пен Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) жүлдеге жақын болғанымен, үздік үштікке кіре алмады.