
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Турнирде 6-шы ракетка болып тіркелген Дияс алғашқы ойынында рейтингте 959-орындағы жергілікті спортшы Киса Ёсиоканы 6:4 және 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Зарина қарсыласына екінші сетте бірде-бір гейм берген жоқ.
Енді Зарина ширек финалға шығу үшін рейтингте 875-орында тұрған тағы бір жапониялық теннисші Лиза-Мария Риумен кездеседі.
Жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрайтын Куруме турнирі 18 мамырда аяқталады.