Спорт Министрі | Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Венгрияға есе жіберді
ХОККЕЙ

Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Венгрияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет жеңіліс тапты.

Ұлттық құрама бұл жолы Венгрия командасынан жеңілді. Ойын басталысымен-ақ, 15-секундта қарсылас команда есеп ашты. Ал, бірінші кезеңнің соңында басымдығын екі есеге арттырды.

Дегенмен, екінші кезеңнің 34-минутында қазақстандық Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңнің басында венгриялықтар тағы бір жылдам гол соғып, араға үш минут салып, кең құрамдағы сәтті тиімді пайдаланды. Ойын соңына қарай бапкерлер алтыншы ойыншыны шығарғаннан кейін, Валерий Орехов есепті қысқартты.

Қазақстан – Венгрия 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)

Басқа жаңалықтар

Back to top button