Спорт Министрі | Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінде ширек финалға өтті
ТЕННИС

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінде ширек финалға өтті

Шымкент қаласындағы Belline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға жолдама алды.

Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша ұйымдастырылған іріктеу додасында Ярослава Шведованың шәкірттері D тобында топ жарды. Бұған дейін Таиланд құрамасын 3:0 есебімен ойсырата жеңген қыздар бүгін Қытай құрамасымен күрделі матчта камбэк жасап, 2:1 есебімен басым түсті.

Жекелей сында Еркежан Жаңатаева қарсыласы Ванг Тонгқа 3:6, 2:6 есебімен жол берсе, Ева Корышев әлемнің жасөспірімдер арасындағы 64-ракеткасы Ю Ханьды 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Жұптық сында Еркежан мен Ева күш біріктіріп, Ванг Тонг – Ю Хань дуэтінен 6:4, 7:5 есебімен айласын асырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобынан бірінші орынмен шығып, ертең ширек финалда Үндістанмен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button