ТРЕНДТЕ
Головкин Германияда маңызды кездесулер өткізеді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Германияның Франкфурт қаласында жұмыс сапарында жүр. Сапар барысында ол Германия ҰОК-нің штаб-пәтерінде Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Германия бокс федерациясының өкілдерімен кездеседі.
Кездесуде тараптар спорттағы адалдық, олимпиадалық қозғалысты дамыту және Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы сынды маңызды мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, алдыңғы Олимпиада ойындарының тәжірибесі де қарастырылады.