Спорт Министрі | Ауыр атлет Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
АУЫР АТЛЕТИКА

Ауыр атлет Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша Антропов 386 (165+221) келіні еңсерді.

Бұл салмақта жеңіске Қытай өкілі Лу Хуаньхуа жетті – 410 (180+230) келі.

Үшінші орынды Түрікменстаннан Дауранбек Хасанбаев иеленді – 377 (182+195) келі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button