Спорт Министрі | Қазақстан хоккей құрамасы бүгін әлем чемпионатында Мажарстанмен кездеседі
ХОККЕЙ

Қазақстан хоккей құрамасы бүгін әлем чемпионатында Мажарстанмен кездеседі

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы үшінші ойынын бүгін Мажарстанға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 23:10-да басталып, тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Қазақстан құрамасы бұл турнирде В тобында бақ сынап жатыр. Біздің хоккейшілердің қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Барлық ойындар Данияның Хернинг қаласында өтуде.

Қазақстан мен Мажарстан құрамалары бұған дейін тоғыз рет кездескен. Оның сегізінде қазақстандықтар жеңіске жетіп, бір мәрте ғана қарсыласына жол берген.

Бұл матч Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі маңызды кездесулердің бірі болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button