ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Қазіргі бессайыс: Қазақстандық спортшылар Әлем кубогының іріктеу кезеңінен өте алмады

Болгарияның Пазарджик қаласында өткен қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезеңі қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Жарысқа еліміздің атынан Георгий Борода-Дудочкин мен Константин Сычев қатысқан болатын. Алайда екеуі де іріктеу кезеңінен өте алмады.
А тобы бойынша сынға түскен Георгий 18-орын, ал В тобында бақ сынаған Константин 21-орын иеленіп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Айта кетейік, қазіргі бессайыс – атпен шабу, семсерлесу, жүзу, нысанаға оқ ату және кросс-бег сынды бес түрлі спорт түрін қамтитын күрделі олимпиадалық бағдарлама.