Пиралы Әлиев «Жеңіс» клубының бас бапкері міндетін уақытша атқарады

Қазақстандық маман Пиралы Ханалиұлы Әлиев елордалық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
1984 жылы дүниеге келген Пиралы Әлиев кәсіби футболдағы алғашқы қадамын 2002 жылы алматылық «Қайрат» сапында бастаған. Кейін «Атырау», «Астана-1964», «Жетісу», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы», «Ертіс» және «Қызылжар» секілді клубтарда доп тепті.
2005–2015 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.
Соңғы жылдары Пиралы Әлиев «Жеңіс» командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып келген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін команда бапкері болған Акис Вавалис қызметінен кеткен еді. Қазіргі таңда «Жеңіс» клубы турнир кестесінде бес ұпаймен оныншы орында тұр және маусымды сәтсіз өткізуде.