АУЫР АТЛЕТИКА
Пётр Хребтов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Пётр Хребтов (73 келі) қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Хребтов қос сайыстың қорытындысы бойынша 333 (146+187) келі салмақты еңсеріп, үшінші орынға табан тіреді.
Алтын медальді индонезиялық Абдулла Рамат Ервин 360 (155+205) келімен иеленсе, күміс жүлде Қытай спортшысы У Хайфенге бұйырды – 334 (145+189) келі.