ФУТБОЛ

Карло Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері атанды

Италиялық танымал маман Карло Анчелотти футболдан Бразилия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Бұл жайында Бразилия футбол конфедерациясы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде ресми мәлімдеді.

Қазіргі уақытта мадридтік «Реал» клубын жаттықтырып жүрген Анчелотти маусым аяқталған соң Бразилия құрамасындағы жұмысын бастайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button