Спорт Министрі | Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
ТАЕКВОНДО

Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы таеквондодан (WT) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Хамзаальпер Ромашкин алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Sportm.kz.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ромашкин финалда канадалық Никола Самордичті шеберлігімен және сенімді тәсілдерімен айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Фуджейрадағы әлем біріншілігіне 81 елден 800-ден астам жас спортшы қатысуда. Дүбірлі дода 14 мамырға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button